Атырау облысына қарасты Нарын құмы аумағының тарихи-мәдени маңызы бар нысандарына жүргізілген далалық зерттеу жұмыстары

imgonline com ua Resize vYHN07juHRTIbU3Нарын құмының Атырау облысына қарасты аумағының тарихи-мәдени  маңызы бар нысандарына жүргізілген далалық зерттеу жұмыстары 2019 жылдың тамыз-қыркүйек айларында «АтырауЭтноАрхеология» ЖШС-нің директоры Е.Алашбаевтың басшылығымен, т.ғ.к. археолог М.Касеновтың жетекшілігімен, сонымен қатар Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің мамандары А.Каримов, Б.Жұмабаев, Қ.Серікбаев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің тарихшысы А.Зайнов және Атырау облысы тарихи-мәдени мұраларды зерттеу орталығының маманы Ф.Байдәулетовтың қатынасуымен атқарылды.

Барлау құмды аймақтың археологиялық және сәулеттік маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштерін анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Өйткені бұл аймақ күні бүгінге дейін тыңғылықты зерттелінбеген аумақтардың бірі саналады. Нарын құмы - Каспий маңы ойпатының солтүстік-батыс бөлігінде, Еділ мен Жайық өзендері аралығында орналасқан. Әкімшілік тұрғыдан Атырау облысының Құрманғазы, Махамбет, Исатай, Индер аудандары және Батыс Қазақстан облысының Бөкей Ордасы, Жаңақала және Ақжайық ауданының оңтүстік бөлігін қамтиды, аумағы 40 мың шаршы. Құмды өңір орта есеппен теңіз деңгейінен 21 м төмен жатыр. Өңір Каспий теңізінің Хвалын және Хазар кезеңдерінің шөгінділерінен түзілген. Батпайсағыр, Теректіқұм, Жаманқүм, Орда, Бозанай, Қосдәулет, Ментеке массивтерінен түрады. Солтүстік- шығысын Қамыс-Самар жайылмасы алып жатыр. Аңызақ жел, шаңды дауыл жиі соғады. Тұрақты ағатын өзен-жылғалары жоқ. Жер астының тұщы су қоры (1,5 - 2 м тереңдікте) мол. Құдықтар мен шұрайлы жерлер көп. Қараөзеннің және Сарыөзеннің көктемгі жайылма ағыны кейде Нарын құмының солтүстік жағын суландырады. Топырақ жамылғысы негізінен бозғылт қоңыр, кұмдақты-саздақты, сортаңды сұр топырақтан тұрады. Нарын кұмы аумағына жүргізілген кешенді этноархеологиялық зерттеу жұмыстары нәтижесінде барлығы 92 тарихи-мәдени мұра нысаны анықталды. Оның ішінде археологиялық объектілердің саны-63, сәулет ескерткіштерінің (ансамбль) саны - 29. Анықталған нысандардың негізгі бөлігін тас пен қола дәуірлерінің және ерте темір дәуірінде мекен еткен ру-тайпалардың белгілі бір уақытқа тұрақтанған мекендері (тұрақтары), ерте темір дәуірлік кургандар және XIX ғ - XX ғасырдың бас кезіне жататын сәулет ескерткіштері болып есептелетін құлпытастар шоғырланған қорымдар құрайды. Бұл аймақта осындай тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің көптеп анықталуы, бұл жерлерде көнеден адамдардың мекен еткендігін дәлелдеп отыр. Қазірдің өзінде Нарын кұмы алқабы жер асты тұщы суы мол, шөбі шүйгін мал шаруашылығын дамытуда ең қолайлы аймақ саналады.

Облысымыздың Нарын құмының территориясына жүргізілген экспедиция нәтижесінде сексенге жуық тарихи- мәдени мәні бар объектілер анықталып отыр.

imgonline com ua Resize 01aKxzIvH6S2xShG imgonline com ua Resize 2lwiGZUw1px1W

imgonline com ua Resize ayOZRiFPmWSORhA imgonline com ua Resize cxvXuyir82txin

imgonline com ua Resize GwzgrdvFgcJ 1 imgonline com ua Resize hGUEOS1zKyZmkR7A

imgonline com ua Resize kow2Vzxqna0H imgonline com ua Resize lt4fFECw12

imgonline com ua Resize mIqfJJWGkZ imgonline com ua Resize RNX1NLqd5Rrjn33W

imgonline com ua Resize TjLGkiuNTN imgonline com ua Resize vYHN07juHRTIbU3

imgonline com ua Resize WmLrEYpKkJ imgonline com ua Resize YXcTNFOPGHD

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru