«Әлемді тербеген әжелер» кездесу кеші

ә62019  жылдың  20 қыркүйегінде  21.30 - 22.30 сағат аралығында  музей алаңындағы киіз үйде «Музейлер шеруі» акциясы және «Ұлы дала тарихы» аясында Құрманғазы ауданы күндеріне орай көп балалы әжелермен  «Әлемді тербеген әжелер» кездесу кеші болып өтті.

Кездесу кеші жастардың бойында ізгілік пен инабаттылық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілік және ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

Шара қонақтары Құрманғазы ауданының құрметті кө балалы аналары: ардагер ұстаз, 7 баланың анасы, «Өнегелі әже» облыстық байқауының І орын иегері  - Жаннәт Құрманғалиева, Мемлекеттік қызмет саласының ардагері, басшылық қызметте болған, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, 5 баланың анасы -. Сәркен Нұрғажина және 2  баланың анасы - Райса Нұрғалиева, сауда саттық саласының ардагері, 8 баланың анасы - Жұмақыз Сарбалина, тарихшы, ардагер ұстаз,  Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, ата-бабаларымыздан қалған құндылықтарды жинақтап, насихаттап жүрген, өзінің жеке музейін ашқан, 4 баланың анасы Сара Алпысова болды.

         Әжелер бала тәрбиесінің қыр-сырымен қатар, отбасы және еңбек жолындағы қызықтар мен қиындықтар туралы жан-жақты әңгімелеп берді.

        Сонымен қатар кешке қатынасқан Д.Нұрпейісова атындағы Халықтық музыка академиясы Атырау музыка колледжінің ардагер-ұстазы – Р.Латифуллина Ғ.Құрманғалиевтің әндерін шырқап, қолөнерші Р.Сүйесенова және т.б. қонақтар өз пікірлерін ортаға салды.

          Шара барысында музей жанынан құрылған «Алтын оймақ» үйірмесінің мүшесі, Құрманғазы аудандық агротехникалық колледжінің ұстазы, ағаш шебері Талғат Жұмалиев музей экспозициясынан орын алған,  ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халық мұрасы, ат-әбзел бұйымдарынан танымдық шеберлік сағатын өткізді. Салт мінетін ат тұрманының жалпы атауы - ер-тұрманның қызметі  және ер, тоқым, жүген, ноқта, айыл, өмілдірік, құйысқан, қамшы туралы түсінік берді.

Шарада Құрманғазы аудандық Дене шыңықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмаз Қайыржанұлы ұлттық спорт түрлері - қазақша күрес, асық ойыны, тоғыз құмалақ, садақ ату т.б ойындарын музей алаңына өткізді.

ә2 ә4

ә3 ә6

ә1 ә7

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru