«Музейлер шеруі» акциясы аясында ұйымдастырылған Құрманғазы ауданының Құрметті азаматтарымен кездесу кеші

кез5Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде  2019 жылдың 20 қазан  күні сағ: 21.30-22.00 аралығында  Құрманғазы ауданының күндеріне орай ұйымдастырылған Музей түнінде Құрманғазы ауданының Құрметті азаматтары Зұлбұхар Мақсотұлымен және Рысқали Ғабдығапарұлымен кездесу өткізілді.

Шараға арнайы шақырылған ел ағалары Атырау облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов, ҚР Мәдениет қайраткері А.Кенжеғалиев, «Елсана» руханият клубының мүшелері, қала қонақтары, музей қызметкерлері қатынасты.

Азаматтардың мемлекетке, қоғам­ға сіңірген еңбегін дәріптеудің түрлері көп. Солардың бірі «Құрметті азамат» атағын беру.  Бұл мәртебеге қоғамдық өмірдің салаларын дамытуға ерекше еңбек сіңірген  мемлекет және қоғам, ғылым, мәдениет, білім, әдебиет, өнер қайрат­керлері ие бола алды. Мәртебеге мәртебе қосып бүгінгі таңда 67 адам Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы атанған екен.

 Құрманғазы ауданының күндері аясында ұйымдастырылып отырған Музей түнінде көрермендер Елі сыйлаған ел ағалары З.Сүйнешов пен Р.Сисатовтың  аудан, облыс көлемінде атқарған қызметтерімен бейнебаян арқылы танысып,  ел игілігі жолында қалтқысыз еңбегі туралы, өнегелі өмірлерінің әсерлі тұстарын ел ағаларының  өздері айтқан әңгімелерінен  естіп білді.

Шара барысында сөз алған Атырау облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов «Құрманғазы атындағы ауданның күй сандықтай шертілер шежіресінде бұл екі азаматтың  іздері сайрап жатырғанын, қарапайым жұмысшыдан басталған еңбек жолдары  партиялық қызметке,  партиялық қызмет қайраткерлікке ұласқанын» айтып өтті.

Өлкеміздің ардақтысына айналған тұлғаларымызды құрметтеу, насихаттау – жеке бастың қадірін арттырудан да бөлек, ұлтты ұйыстырудың, жақсылықтың нұрын тасытудың үлгісі.

Музей директоры Р.Харипова  ақыл-ой төрінен көз салған адамға өткен өмірдің  бәрі кейінгі ұрпаққа өнеге екенін айта келіп, парасат пен пайымға толы ғұмыр иелеріне бүгінгі кешке шақыртуды қабыл алып келгені үшін алғысын білдіре отырып, сый-сияпат ұсынды.

Шараға барлығы 37 адам қатынасты.

кез1 кез2

кез3 кез4

кез5

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru