Ф.Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай "Поэзия Падишасы" көрмесі

Ф62019 жылы 11-14 қыркүйек аралығында поэзия падишасы атанған қазақтың танымал ақыны, Халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай "Патша-сөздің Фаризасы" атты апталық аясында Атырау облысы тарихи-өлкетау музейі көпшілік назарына музей қорында жинақталған ақынның фотосуреттерінен, орден-медалдары мен марапаттауларынан, жеке тұтынған заттарынан және кітаптарынан жасақталған «Поэзия падишасы» көрмесін ұсынды. 

Облыстық халық шығармашылығы орталығында орналастырылған көрмені қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ҚР еңбегі сіңген қайраткері, ақын Ақұштап Бақтыгереева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург Әнес Сарай мен жары жазушы, қоғам қайраткері Алтыншаш Жағанова және ақынының етене жақын туыстарынан бастап, «Жыр жұлдызы Фариза» республикалық ақындар айтысынның көрермендері тамашалады. 
Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы тың дерек беретін «Поэзия падишасы» көрмесі 12-13 қырүйек күндері Облыстық халық шығармашылығы орталығында, 14 қыркүек күні Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында орналастырылды. 

Ф1 Ф3

Ф2 Ф4

Ф5 Ф6

Ф7

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru