18 - мамыр Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылған «Ұлы даланың ұлы есімдері» музей түні мерекелік шарасы

МТ2 2019 жылы 18 мамырда Халықаралық музейлер күніне орай  «Ұлы даланың ұлы есімдері» музей түні мерекелік шарасы өткізілді.

 

Шара ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында көпшілік санасына қазақ тарихында  есімдері алтын әріппен жазылуға лайық Ұлы тұлғалардың есімдерін ұлықтау мақсатында өтті.

 «Музей түні» мерекелік шарасы Қыз Жібек пен Төлеген театрландырылған қойылымымен басталды. Шараның ашылу салтанатының құттықтау  сөзі  Атырау облыстық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанұлына Ризуановқа беріліп, музей қызметкерлері Республикалық Ардагерлер кеңесінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

2017 жылдан бері музейде іске асып келе жатқан жобалардың бірі - «Музейлік  квест»  интелектуалдық ойынына биылғы жылы Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен аудандық филиалдармен қосқанда 17 команда қатынасты. «Музейлік квест - 2019» интеллектуалды байқауының жеңімпаздарына Ботай-Бурабай демалыс орнына жолдама берілді.

Сонымен қатар Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Мәдениет басқармасының Алғыс хаттарымен және музей жанынан құрылған «Алтын оймақ» үйірмесінің қолөнершілері арнайы Алғыс хаттармен марапатталып, өлкеміздің тарихи-мәдени мұрасын насихаттау мақсатында құрылған «Жас экскурсоводтар клубының» мүшелеріне сертификаттар табысталып, Ортағасырлық  Ақтөбе Лаэти қалашығы орнына саяхатқа жолдама тапсырылды.

Бір дәуірді сұлулық пен жан тазалығына тәрбиелеген, Алты Алашқа аңыз болған жұлдызды жұп «Қыз Жібек пен Төлеген» экспозициясының ашылу салтанаты музейдің «Этнография» залында жалғасын тапты. «Қыз Жібек пен Төлеген» экспозициясының ашылу салтанатының лентасын Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет", «Парасат» ордендерінің иегері М.Өтекешова мен Атырау облысы  Мәдениет, архивтер  және құжаттама басқарма  басшысының міндетін  атқарушы  А.Сүлейменов кесті.

Экспозицияның ашылу салтанатында Қыз Жібек ролінің кейіпкері Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі М.Өтекешова мен Қыз Жібек пен Төлегеннің балауыз мүсінінің авторы суретші Р.Шербаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі, опера әншісі Мүнира Ижанова сөз сөйлеп, ыстық лебіздерін білдірді.

Музей алаңына құрылған киіз үйде келуші көрермендерге қол диірменнен шеберлік сағаты көрсетіліп, диірмен тартып, тарыдан талқан жасап дәм татты. Сонымен қатар жергілікті қолөнер шеберлерінің, атап айтқанда,А.Телеуова, М.Қалиеваның ұлттық бұйымдарынан, К.Жапалованың батик, футболка, орамалдарынан,  Н.Қалиевтың ағаш бұйымдарынан, С.Елеусінованың бисер, моншақ бұйымдарынан, Д.Шынтеміровтің әртүрлі бұйымдар мен ұлттық бұйымдарынан, Н.Бисенбаевтың домбыра, Ж.Дощанова, Р.Искакованың тоқыма бұйымдарынан (балалар ойыншығы), Қ.Ахашеваның той және кешкілік кештердің сәндік бұйымдарынан, Н.Медведеваның сувенир мен қуыршақтарынан, Н.Шевченконың сәндік және тоқыма бұйымдарынан көрме-жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Көрермен назарына Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясының халық аспаптар факультетінің 4 курс студенттерінің ортеке аспабымен сүйемелдеуінде ұлы күйшілер Құрманғазы мен Динаның  күйлері орындалды.                                          

«Музей түні» мерекелік шара барысында ұлттық спорттық ойын түрлерінен (қазақ күресі) және басқа да спорт түрлерінен (таэквондо, муай-тай, бокс, киокушинкай-кан каратэ) шеберлік сағаттар мен спорт түрлерінен дайындаған көріністер қойылып, балаларға арналған табиғат зонасы викториналық ойындары ойнатылды, сондай-ақ «Өсиет» анимациялық фильмінің көрсетілімі көрсетілді.

Халықаралық музейлер күніне орай Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде өткізілген «Музей түні» мерекелік шара соңында кеш қонағы эстрада жұлдызы Бейбіт Көшқалиев пен атыраулық өнер жұлдыздары мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Музей түні» мерекелік шарасына қазақтың Қыз Жібегі, театр және кино актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Меруерт Өтекешова, қызы Жібек Тастамбекова және музей саласында басшылық қызмет атқарған ардагерлеріміз, музейдің құрметті қонақтары мен қала тұрғындары қатынасып,шараны барлығы 5100 адам тамашалады.

МТ 3 МТ 1

МТ 7 МТ 4 

МТ 8 МТ 6

МТ 9 МТ 10

МТ 11 МТ 12

МТ 13

МТ 14 

МТ 15

 МТ 16

МТ 17МТ 18 

МТ 19 МТ 20

МТ 21 МТ 22

МТ 23 МТ 24

 

 

 

 

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru