«Жас экскурсоводтар» клуб жұмысын қорытындылау

ЖЭ5Халықаралық музейлер күніне орай  «Жас экскурсоводтар» клуб жұмысы қорытындыланды 

 

2013 жылдан бастап Экскурсиялық-бұқаралық жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен музей жанынан «Жас экскурсоводтар» клубы құрылып, жыл сайын клубқа арнайы жас экскурсия жүргізушілер дайындалып келеді.

Биылғы жылы да клуб жұмысы жалғасын тауып, клуб мүшелігіне қабылданған мектеп оқушыларына сабақтар өткізіліп, музей жұмысы, музей мамандарының  қызметі, музейдің экспозициялық залдары туралы толықтай мәліметтер берілді. Клуб мүшелері өздері таңдаған музейдің экспозициялық залдары бойынша сілтемелер арқылы дайындалды.

«Жас экскурсоводтар» клуб жұмысын қорытындылау шарасында 11 - 16 жас шамасы аралығындағы  21 жас экскурсовод келген көрермендерге экспозициялық залдар бойынша экскурсиялар жүргізіп,  білімдерін шыңдады.

Рухани жаңғыру бағытында туған жерді сүюге, оның тарихын құрметтеуге, өзгелерге мақтанышпен айта білуге дағдыланған жас экскурсоводтар арнайы сертификаттармен марапатталып, өлкеміздің тарихи, ортағасырлық  нысандарының бірі Ақтөбе - Лаэти қалашығы орнына саяхатқа жолдама тапсырылды.

       Шараға білім бөліміне қарасты №13 Д.Байбосынов атындағы ұлттық мекпеп гимназиясы, Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясы, Атырау облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, №5  Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп пен №37 орта мектептің оқушылары мен мұғалімдері қатынасты.

ЖЭ1 ЖЭ2 

ЖЭ3   ЖЭ4 

ЖЭ5

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru