«Музейлік квест – 3» интеллектуалды байқауынының қорытындысы

МК 8.12019 жылдың 16 мамырында  «Музейлік квест – 3» интеллектуалды байқауын қорытындылау  шарасы өтті.

           Байқау бұқаралық ақпарат өкілдері арасында түрлі сынақтар мен сайыстар арқылы музейдегі тарихи, археологиялық және этнографиялық музей құндылықтарының  тарихын ұғындыра отырып, командалар арасында өзара достық, сыйластық   қарым - қатынасты  қалыптастыру  мақсатында өткізілді.

            «Музейлік квест -3» интеллектуалды байқауының іріктеу кезеңі 2019 жылдың қаңтар-наурыз айы аралығында өткізіліп, оған 9 команда қатысты. Бірінші кезең бойынша барлық қатысушыларға тарихи-археологиялық құндылықтарға  қатысты 14 тапсырма дайындалып, осы кезеңдерден іркілмей өткен  6 команда  жартылай финалда бақ сынады. Кезең бойынша тапсырмалар белгілі бір экспозициялық залды қамтып, әр залдың ерекшелігіне қарай байланысын табу, әріптерден сөз құрау, жұмбақтар, мәтінді  жалғастырып жазу, жасырынған жәдігерді табу, фрагмент арқылы жәдігерді табу сияқты тапсырмалар берілді. Командалар жеребе суыру арқылы өздерінің ойын көрсететін залын таңдап, берілген тапсырмалар бойынша қатынасқан 3 команда  ақтық кезеңге жолдама алды.

         Ақтық кезеңге өткен командалар Жайықты жағалай қаланың Европа және Азия бөлігінде орналасқан тарихи ескерткіштер мен қала тарихында маңызды әлеуметтік роль атқарушы мекемелер ғимараттарын табу болды. Ақтық кезеңге «Атырау-Қазақстан», «Каспи-Ньюс» телеарнасы мен «Жайық шұғыласы» газеті (Махамбет ауданы) командалары жеребе суыру арқылы 3 бағытқа тапсырма алды. Берілген 13 тапсырманы орындап, «Атырау-Қазақстан» телеарнасы командасы І дәрежелі дипломмен, «Жайық шұғыласы» газеті (Махамбет ауданы) командасы ІІ дәрежелі дипломмен, «Каспи-Ньюс» телеарнасы командасы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Музейлік квест - 2019» интеллектуалды байқауының жеңімпазы «Атырау-Қазақстан» телеарнасы  командасына Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталып, Ботай-Бурабай демалыс орнына жолдама берілді.

МК 3.2МК 3.1МК 3.3 

МК 4.1МК 5.1 

МК 6.1 МК 7.1

МК 8.1

 

 

 

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru