Кеңес Одағының Батыры Мұқат Мұсаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қан майданның Қаһарманы» еске алу шарасы

Мусаев22019 жылы 4 мамырында Кеңес Одағының Батыры Мұқат Мұсаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қан майданның Қаһарманы» еске алу шарасы өтті.

     Аталған шара Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қалуда асқан ерлік көрсеткен өлкеміздің төл перзенті М.Мұсаевтың есімін ұлықтау, өшпес ерлігін дәріптеу, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, батылдыққа, ерлікке, татулыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу  мақсатында ұйымдастырылды.

 Шараның түске дейінгі бөлімінде М.Мұсаевтың ұрпақтары Жеңіс саябағындағы ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойды. 

          Шараға Ресей Федерациясының Астрахань облысы, Енотаевка селосында тұратын батырдың ұлы Ж.Мұсаев, батырдың келіндері Ж.Мұсаева, М.Шәнгерейқызы, М.Мұсаевтың немере-шөберелері және М.Мұсаевты қазақ еліне танытқан зерттеуші, ардагер ұстаз, педагог С.Алпысқызы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Жұмағұлов, Ұлы Отан соғысының ардагері, Атырау  облысының  Құрметті азаматы О.Карасаев,  Облыстық  соғыс және  еңбек ардагерлері  кеңесінің төралқа мүшелері Р.Нұрғалиева, Н.Есмағамбетов, Құрманғазы ауданының  ардагерлері мен әкімшілік қызметкерлері,  өлкеміздің  өлкетанушылары мен тарихшылары, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Әскери кафедра» студенттері мен БАҚ өкілдері қатынасты.

         Шара  батырдың рухына тағзым етіп, 1 минут  үнсіздікпен еске алудан басталды. Шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Жұмағұлов ашып, көрмені музей қызметкері  Н.Қамиева таныстырды.     

Шарада Ұлы Отан соғысының ардагері, Атырау  облысының  Құрметті азаматы О.Карасаев,  М.Мұсаевты қазақ еліне танытқан зерттеуші, ардагер ұстаз, педагог С.Алпысқызы, Құрманғазы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы З.Жоламанова, өлкетанушы, зерттеуші О.Деңгелбаев батырдын ерлігі туралы сөз қозғап,  еске алу шарасының маңыздылығы мен кейінгі жастарға берер үлгі-өнегесі мол екендігін айтып өтті. Батырдың ұлы Ж.Мұсаев әкесі жөнінде әдемі естеліктерімен бөлісіп, шараға арнайы шақыртуларымен келгендеріне ризашылығын білдірді.

Қорытынды сөз алған  музей басшысы Р.Харипова шара қонақтарына музей ұжымы атынан алғысын білдіріп, естелік кітаптар табыс етті.

 Шараға барлығы 100  адам қатынасты.

Мусаев3 Мусаев4

Мусаев5  Мусаев6

Мусаев7 Мусаев8

Мусаев10 Мусаев9

Мусаев11 Мусаев1

Мусаев12

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru