«Музей құндылықтарын «Музей» автоматтандырылған жүйесі бағдарламасына енгізу және музей заттарын есепке алу жұмыстары бағытындағы құжаттарды толтыру үлгілері» тақырыбындағы облыстық семинар

Семинар min 22019 жылғы  29 сәуірде  «Музей құндылықтарын «Музей» автоматтандырылған жүйесі бағдарламасына  енгізу және музей заттарын есепке алу жұмыстары бағытындағы құжаттарды толтыру үлгілері»  тақырыбында  облыстық және аудандық музейлердің мамандарына облыстық  семинар ұйымдастырылды. 

Семинар музей мамандарына музей заттарына бірыңғай есеп жүргізуге, сақтауға, ғылыми түгендеуге мүмкіндік беретін арнайы «Музей» автоматтандырылған  жүйесі бағдарламасына  музей құндылықтарын  енгізу үшін толтырылатын құжаттардың үлгілерін және музей құндылықтарын есепке алу бағыты бойынша, музей заттарын алғашқы тіркеу үшін рәсімделетін актілердің толтырылу  жолдары мен жәдігерді таңбалау талаптарына байланысты түсінік беріп, толтырылу жолдарын көрсетіп, бір жүйелілікке музей құндылықтарының бағыттау мақсатында өтті.

Семинарға қатынасушыларға Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің басшысы Р.Харипова «Шет елдік музейлердің  тәжірибелерін жұмыста қолдану», Қорларды ғылыми зерттеушілік қамтамасыз  ету бөлімінің меңгерушісі Б.Хасанова «Актілерді  толтыруда  музей  құндылықтарын  сипаттаудың негізгі бөліктері»,  Қорларды есепке алу секторының жетекшісі К.Аймуканова  «Музей»  а втоматтандырылған жүйесі бағдарламасына музей құндылықтарын  енгізу үшін толтырылатын құжаттардың үлгілері жөнінде түсінік беру», Қорларды сақтау секторының жетекшісі К.Елеуова «Музей жәдігерлерін таңбалау талаптары»  және  Қорларды есепке алу секторының әдіскері М. Наурызбаева  «Музей заттарын тұрақты немесе уақытша пайдалануға қабылдау, музей заттарын тұрақты немесе уақытша пайдалануға тапсыру және музейішілік актілерінің толтырылуы» тақырыптарында баяндамалар жасап, слайд арқылы таныстырылды.

Семинар барысында  қатынасушы музей мамандары  бағдарламалар бойынша тәжірибелік  жұмыстар жасап, тақырыптар бойынша өз сұрақтарына жауап алды.

Семинарға облыстық, аудандық музейлер  басшылары мен мамандары, барлығы 40-жуық музей мамандары   қатынасты.

семинар1 min 2 семинар2 min min 

Семинар min 2 

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru