3D

Басқұрлар коллекциясынан ұйымдастырылған «Тоқыма әлеміндегі басқұрлар сыры» атты көрмесі

2017 жылы 29 қараша күні сағ: 11.00-де Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде  ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  ұлттық құндылықтар арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеу, музей қорында жинақталған қазақ халқының қолөнер үлгісі басқұрлар коллекциясымен таныстыру, халықтық қолөнерді құрметтеуге,қастерлеуге үйрету және насихаттау мақсатында қорда жинақталған басқұрлар қоллекциясынан  «Тоқыма әлеміндегі басқұрлар сыры» атты  уақытша  көрме  ұйымдастырылды.

Көрмеге Атырау облысы, Жылыой ауданының қолөнер шеберлері Ж.Жылқыбаева, Р.Балжігітова, Ж.Дүйсенбекова, Ж.Батырбаеваныңтоқыған туындылары және 1999 жылы музейдің жаңа ғимаратқа көшуіне орай ашылу салтанатында Атырау облысының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың жеке коллекциясынан қабылданған және Атырау қаласының тұрғыны Г.Муканова, Құрсай селосының тұрғыны А.Жаманбаевалардың тапсырған басқұрлары, өрмек тоқу құралдары, барлығы 40 жәдігер қойылды.

«Басқұр – ұлт нақышы» тақырыбында деректі фильм және қордағы басқұрлардан слайд көрсетілді.

Көрмені Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінің студенттері,   «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі «Өрімтал» облыстық жас тілшілер фестивалінің қатынасушылары, бұқаралық ақпарат өкілдері және музей мамандары тамашалады.

Жұмыс уақыты

Құрметті әлеуметтік желі қоданушылары!

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты музей уақытша көрермендерді қабылдай алмайтындығын қаперлеріңізге береміз