«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде өткен «Тарихи Түркістан» атты көшпелі көрмесі

2017 жылдың 20 қазан күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде «Тарихи Түркістан» көрмесінің ашылуы болып өтті. Көрме Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Жаһандағы қазақстандық мәдениет» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Атырау өлкесіне қорық-музей қорынан 252 дана құнды жәдігерлері таныстырылды. Көрменің ашылуына мәдениет саласының ардагерлері мен қызметкерлері, жоғары оқу орындарының ұстаздары мен студенттері, қала қонақтары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатынасты.

Көрменің ашылуында сөз алған Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі басшысының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары С.Мирашев көрмені ұйымдастырушыларға зор алғысын білдіріп, облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Жолаевтың Алғыс хаты мен Атырау қаласының бес томдық кітабын қорық-музей қорына табыс етті. Түркістаннан рухани керуенді бастап барған қорық-музейдің ғылыми қызметкері Б.Байболов Атырау жұртшылығына риясыз алғысын білдіріп, көрменің мақсаты мен міндетіне тоқталып, облыстық музейге қорық-музей директоры Н.Ахметжановтың Алғыс хаты мен баспа өнімдерін сыйлады. Ұлы Отан соғысының ардагері, облыстың Құрметті азаматы О.Қарасаев көрме жұмысына сәттілік тілеп, көрмеге келген дүйім жұртқа батасын берді.

«Тарихи Түркістан» көрмесі бір ай бойы Ақ Жайық жұртшылығына қызмет көрсетеді.

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі 10:00 - 18:00
Сейсенбі 10:00 - 18:00
Сәрсенбі 10:00 - 18:00
Бейсенбі 10:00 - 18:00
Жұма 10:00 - 18:00
Сенбі 10:00 - 18:00
Жексенбі 10:00 - 18:00

Кассаның жұмыс уақыты:
10:00 - 17:30

Әр айдың соңғы жұмасы тазалық күні