«Музей қорына 2016 жылы қабылданған жәдігерлер» атты көрмесі

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылы 14 шілдеде   Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің 2016 жылғы жоспарға сай ғылыми қорды толықтыру мақсатында музей қорына қабылданған жәдігерлерден «Музей қорына 2016 жылы қабылданған жәдігерлер» атты уақытша көрме ұйымдастырылды.

Көрме музей қорын  толықтыру мақсатындақабылданған тарихи-мәдени және музейлік мәні бар жәдігерлерді көрермен назарына ұсыну, қабылданған жәдігерлер туралы толықтай мәлімет беру мақсатында жасақталды..

Көрмеге музей  қорына 2016 жылы қабылданған жәдігерлер, атап айтқанда: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2014, 2015 жылдары халыққа жолдаған жолдаулары бар газет бетшелері мен бүктемелер, Мемлекеттік Орталық мұрағаттан алынған архивтік құжаттар көшірмесі, Саяси қуғын-сүргін тоталитаризм құрбан ұрпақтарының естеліктері және тарихи деректерге негізделген  «Лютый  холод Алжира» деректі фильмі (екі тілде), ҰлыОтан соғысының ардагері, Даңқ орденінің толық иегері Сақып Қызыловтың құжаттары (көшірме), Мемлекет және қоғам қайраткері, ҰлыОтан соғысының ардагері, Атырау облысының Құрметті азаматы О.Көшековтың құжаттай және заттай материалдары,ҰлыОтан соғысының ардагері Мұхамбетов Қалжан, Маңғыбаев Хайроштың құжаттай материалдары, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өмірбаяндары мен фотосуреттері, КСРО Денсаулық сақтау саласының үздігі Утегазиев Шакраттың құжаттай материалдары, Атырау қаласының тұрғыны Ф.Л.Полозневтің мұрағатынан  алынған  Атырау (Гурьев) қаласының ескі фотосуреттері, «Қазақтар. Тарих және мәдениет» атты үш тілде шығарылған кітап, Атырау облысының даму тарихы мен жетістіктері бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай индустриялды иновациялық жобалар негізінде құрылған мекемелер мен кәсіпорындарға қатысты материалдар, «Теңізшевройл», Атырау мұнай өңдеу зауытының ЖШС мекемесінің құжаттары мен заттай материалдары, әр түрлі тақырыптағы значоктар, Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына орай шыққан «Атырау этностары» атты кітап,  Сағыз өзені  жағасынан Кенбай ауылы маңында табылған диірмен тасы, барлығы 180 құжаттай және заттай жәдігерлер қойылды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru