«Желтоқсан жаңғырығы – жадымызда» атты көрме

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда 2016 жылғы 9 желтоқсанда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына 30 жыл толуына орай «Желтоқсан жаңғырығы – жадымызда»атты көрме ұйымдастырды.

Бүгінгі егеменді еліміздің  іргесін қалауда 1986 жылғы желтоқсан оқиғасында өшпес іздерін қалдырған тұлғалардың ерліктерін насихаттау мақсатында, жастарды патриотизмге, ержүректілікке, отанын сүйе білуге  келер ұрпаққа тереңірек түсіндіру мақсатында өткізілді.

Аталған шарағаАтырау облысы бойынша1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына  қасысушы куәгерлері Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Көптілді білім беру факультетінің деканы Ж.Абдрахманова, «Қазақстан дүние жүзі тарихы» кафедрасының тарих пәнінің оқытушысы Н.Сармурзина, Махамбет аудандық мәслихат аппаратының басшысы И.Дәулетов, Исатай аудандық аумақтық инспекция басшысы Х.Қабасов,  Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінің бас редакторы Н.Ерғалиев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Медиа» қызметінің басшысы Г.Қайырғалиева, Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі А.Сидеғалиева, Исатай аудандының Ш.Шәріпов атындағы балалар музыка мектебінің мұғалімі А.Султанова, «Айна» ЖШС компаниясы тобының менеджеріМ.Бижанов, Исатай ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Р.Тажиденова, Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің тілшісі А.Қуанышқалиева, ЖШС «Адил-бур-Сервис» мекемесінің жетекші геологы А.Жұпмағамбетова, КәсіпкерҚ.Дауылбаев,Атырау мұнай және газ институтының «Қазақ және орыс тілі» кафедрасының оқытушысы А.Ермекова, Атырау облыстық карантиндік зертханасының басшысы Ж.Жұмашевалар қатынасып,және көрермен ретіндеқазіргі заманғы колледжі студенттері, БАҚ өкілдері, барлығы 150 адам қатынасты.

Көрмеге Атырау облысы бойынша1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына  қатысушы куәгерлер құжаттары, өмірдеректері, әр жылдарда баспадан шығарылған кітаптар, және музей қорында жинақталған  материалдардың 50 дана жәдігері қойылды. 

Бұл көрме Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіне Жалпы және қазіргі кезең тарихын ғылыми-зерттеу бөлімінің  бөлім меңгерушісі Н.Қамиева «Желтоқсан жаңғырығы – жадымызда»атты көрмені таныстырды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru