Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қорында жинақталған алаша түрлерінен ұйымдастырылған «Ата кәсіп - бай мәдени мұрамыз» атты көрмесі өтті

2016 жылғы 12 қазан күні сағ: 10.00-де Атырау облысы тарихи -    өлкетану музейі алаңында музей  қорында жинақталған алаша түрлерінен «Ата кәсіп - бай мәдени мұрамыз» атты  көрме ұйымдастырылды.

Қазақ халқының қолөнеріндегі  жиі қолданылатын өру, тоқу, тігу сияқты шығармашылық жиынтығын таныстыра отырып,   ұрпақтан - ұрпаққа ауысып келе жатқан халық мұрасы – алаша өнерін насихаттау,  жасалу жолдарын  түсіндіру мақсатында жасақталған көрмеге  қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан жүзтеру, гүлтеру, терме  алашалардың түрлері және өрмек тоқу құралдары –мосы, басқазық, күзу ағашы, серпу ағашы, қылыш, адарғы, тарту ағашы (барлығы – 20 дана  жәдігер)қойылды.

Алашаның тоқылу техникасының қыр-сырымен  таныстыру үшін әрі оларда кездесетін ою-өрнек құпиясын ашу үшін қолөнер шебері, ардагер-ұстаз  К.Бектемірова шеберлік сағатын өткізді. Көрмені Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінің студенттері, Д.Нұрпейісова атындағы музыка академиясының студенттері,  музей қызметкерлері тамашалады.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru