18 мамыр Халықаралық мұражайлар күніне орай мұражай қорындағы жеке тұлғалар тұтынған сөмкелер коллекциясынан көрме ұйымдастырылды

18 мамыр Халықаралық мұражайлар күніне орай мұражай қорындағы жеке тұлғалар тұтынған сөмкелер коллекциясынан көрме ұйымдастырылды. Көрмеге соғыс кезіндегі флот адмиралы Л.АВладимирскийдің, Қазақстан Республикасы халық ағарту ісіне еңбегі сіңген мұғалімі Е.Чакликовтың, қаламгер, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Н.Әбутәлиевтің, облыстық статистика басқармасының пайдаланған счетчик портфелдері (халық санын алу), Қазақ КСР-нің еңбегі сіңген мәдениет қызметкері С.Жалмышевтың, ақын Қ.Сағиевтің, экономика ғылымдарының докторы С.Қаженбаевтың, Қазақ КСР–нің мәдениет қызметкері Қ.Жұмалиевтің, Қазахстан ЛКЖО ХІІІ съезінің делегаты Л.Третьякованың, ғалым, ҚР Парламентінің Сенат депутаты А.Бегалиевтің, ҚР-ның өндірісіне еңбек сіңірген өнеркәсіп қызметкері, тау-кен инженер геологы М.Батырбаевтың, облыстық жас малшылар слетіне қатынасушы-лардың папкалары және ҚР Халық әртісі Р.Рымбаеваның қобдишасы, барлығы 32 дана жәдігер қойылды.

«Мұражай қорындағы сөмкелер коллекциясы» атты тақырыптық-экспозициялық көрме.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru