2017 жылы 29 қараша күні сағ: 11.00-де Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұлттық құндылықтар арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеу, музей қорында жинақталған қазақ халқының қолөнер үлгісі басқұрлар коллекциясымен таныстыру, халықтық қолөнерді құрметтеуге,қастерлеуге үйрету және насихаттау мақсатында қорда жинақталған басқұрлар қоллекциясынан «Тоқыма әлеміндегі басқұрлар сыры» атты уақытша көрме ұйымдастырылды.
Атырау облысы тарихи – өлкетану музейі 2017 жылы 3 қараша сағат 16.00-де Махамбет атындағы қазақ драма театрында Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Атырау облысының Құрметті азаматы С.К.Мұқашевтың 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ғұмыр жолы өнеге» атты көрменің ашылуы болып өтті.
2017 жылдың 20 қазан күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде «Тарихи Түркістан» көрмесінің ашылуы болып өтті. Көрме Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Жаһандағы қазақстандық мәдениет» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Атырау өлкесіне қорық-музей қорынан 252 дана құнды жәдігерлері таныстырылды. Көрменің ашылуына мәдениет саласының ардагерлері мен қызметкерлері, жоғары оқу орындарының ұстаздары мен студенттері, қала қонақтары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатынасты.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі қорындағы тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттау мақсатында27 қыркүйек 2017 жылы, сағат 11.00-де Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Тарихы терең-Атырау» көрмесінің ашылу салтанаты өткізілді.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылдың 26-шы қыркүйегінде сағат 11.00-демузей қорындағы жез бұйымдар коллекциясынан «Ыдыста да ырыс бар» атты көрме өткізілді.
Көрермендерді музей қорында жинақталған жез бұйымдар түрлерімен таныстырып, жезден жасалған ыдыс, бұйым түрлерінің шығу тарихы, олардың қолданылуы туралы толықтай мағлұматтар беру мақсатында ұйымдастырылды.
«ЭКСПО - 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында Атырау облысының Мәдениет күндері өткізілуіне орай өңірлер арасындағы мәдени байланыстарды нығайту, «ЭКСПО - 2017» көрмесіне келушілер және Астана қонақтары мен тұрғындарын Атырау облысы тарихи - өлкетану музейінің қорында жинақталған қазақ халқының этнографиялық және рухани мәдениетінің баға жеткісіз жәдігерлерімен таныстырумақсатында 17 - 20 шілде аралығында «Этноауыл» көрмесі ұйымдастырылды.
"ЭКСПО - 2017" халықаралық мамандандырылған көрме аясында Атырау облысы Мәдениет күндерінің өткізілуіне орай 16-17 шілде күндері тарихи - өлкетану музейі қорынан "Мұнайлы ел, шырайлы ел - Атырау" көрмесі Астана концерт залында (Конгресс-холл) ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарына насихатталды.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылы 14 шілдеде Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің 2016 жылғы жоспарға сай ғылыми қорды толықтыру мақсатында музей қорына қабылданған жәдігерлерден «Музей қорына 2016 жылы қабылданған жәдігерлер» атты уақытша көрме ұйымдастырылды.
Атырау облысы тарихи - өлкетану музейі 4 - маусым ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай 2017 жылы 2 маусым сағ:16.00 – де М.Әуезов атындағы №7 орта мектептің жанынан құрылған «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагеріне «Мақтанышым–мемлекеттік рәміздер» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды.
Атырау облысы тарихи - өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 2017 жылы 31 мамырда Алашорда үкіметінің 100 жылдығына және 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» тақырыбында көрме музейге келуші көрермендерге, көпшілікке ұсынылды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2017 жылғы 3 сәуірде Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Сарайшық: ұлы қаланың тағдыры» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми конференциядаАтырау облысы тарихи-өлкетану музейі және «Хан Ордалы Сарайшық» музей-қорығықорларынан«Сарайшық: ұлы қаланың тарихы» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылды.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда 2016 жылғы 9 желтоқсанда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына 30 жыл толуына орай «Желтоқсан жаңғырығы – жадымызда»атты көрме ұйымдастырды.
Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылғы 5 желтоқсан күні Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамының идеяларын насихаттау мақсатында «Жасампаздықтың 25 жылдығы» тақырыбында облыстың жетістіктері бойынша уақытша көрме ұйымдастырылды.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» бағытында 2016 жылғы 24 қараша күні Атырау қалалық білім беру бөліміне қарасты №2 орта мектебінде «Тәуелсіздік нұрландырған - Атырау» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайы 2016 жылғы 11 қазанда Махамбет атындағы қазақ драма театрында Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік және Махамбет атындағы сыйлықтарының лауреаты, профессор, күйші, сазгер Қ.Ахмедияровтыңтуғанына 70 жыл толуына орай «Күй аспанының Қаршығасы» атты көшпелі көрме ұйымдастырылды.
2016 жылғы 12 қазан күні сағ: 10.00-де Атырау облысы тарихи - өлкетану музейі алаңында музей қорында жинақталған алаша түрлерінен «Ата кәсіп - бай мәдени мұрамыз» атты көрме ұйымдастырылды.
Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайы қорынан 2016 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Қуатты өңір-қуатты Қазақстан» атты өңірлердің күндерін өткізу барысында «Ғасырлардан сыр шерткен Атырау» атты көрме ұйымдастырылды.
2016 жылдың 25 шілде күні сағат 11.00-де Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайында ҚР Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, 25-27 шілде аралығында өткен «Ұлттық музей сенің қалаңда!» атты мәдени турының ашылу салтанаты болып өтті. Мәдени саяхаттың маңызы-Тәуелсіз Қазақстанның символына айналған «Алтын адам» жәдігерін алыс-жақындағы жұртшылықтың толығырақ танысуына және тек музей төрінде тұратын бағалы мұрамен жақынырақ түсініп зерделеуіне мүмкіндік беру.
Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайы қорынан 2016 жылы 15 маусым -15 шілде аралығында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи -мәдени қорық – мұражайына «Ғасырлардан сыр шерткен Атырау» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Өңірлер арасындағы мәдени байланыстарды нығайту және мұражайлар ісін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған көрмеге Атырау өлкесінің тарихы мен тарихи тұлғаларға арналған 13 дана планшет, 342 дана заттай жәдігер апарылып, археологиялық қазба жұмыстарының жауһарлары-«Алтын киімді адамның» және ортағасырлық Сарайшық қаласынан табылған жәдігерлер, Бейбарыс сұлтанның қабірінен алған тас бөлігі, мамлүктер тапаншасы, Жүзбатырдың қайрақтасы, хандар мен батырлардың мөрлерінің көшірмесі, күй атасы Құрманғазының мылтығы, күй анасы Динаның домбырасы, атыраулық кеңес одағының батырлары мен ақын-жазушыларының өмірдеректері мен ұстап тұтынған бұйымдары, мұражай қорында жинақталған саз аспаптар коллекциясы т.б көптеген мұражай құндылықтары көрермен назарына ұсынылды.
31 мамыр саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Алаш арыстары-Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы, Жаһанша Досмұхамедовтың 130 жылдығы және Атырау облысы бойынша қуғын – сүргін құрбандары құжаттарынан «Алаш мұраты - Тәуелсіздік» атты көрме жасақталып, шара өткізілді. Көрмеге мұражай қорында жинақталған Алаш қозғалысының қайраткерлері Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, өлкемізде жазықсыз жазаланғандар Х.Ақботин, Қ.Есқалиев, А.Құдайбергенов, М.Біләлов, Ғ.Қарабалин, Қ.Есембаев, Ө.Исмурзин, Ж.Бердиев және т.б фотосуреттері мен мұрағаттық құжаттары, ақталу туралы анықтамалары, куәліктері, барлығы 50 жәдігер қойылды.
Дүйсенбі | 10:00 - 18:00 |
Сейсенбі | 10:00 - 18:00 |
Сәрсенбі | 10:00 - 18:00 |
Бейсенбі | 10:00 - 18:00 |
Жұма | 10:00 - 18:00 |
Сенбі | 10:00 - 18:00 |
Жексенбі | 10:00 - 18:00 |
Кассаның жұмыс уақыты:
10:00 - 17:30
Әр айдың соңғы жұмасы тазалық күні