Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің басшысы

Рашида Ерімқызы

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде Атырау облысының тарихи-мәдени мұраларын ғылыми-зерттеумен, жинақтаумен, есепке алумен, сақтаумен қатар мәдени білім беру, археологиялық қазба жұмыстарын және этнографиялық экспедициялар ұйымдастыру арқылы музей қорын толықтырумен айналысады.

Бүгінгі күні музейдің қоғамдағы орны, атқаратын рөлі, болашақ тағдыры біздің қызметкерлеріміздің кәсіби деңгейіне, олардың халықтың рухани-интеллектуалдық сұранысына сай қызмет түрлерін ұйымдастыру шеберлігіне тікелей байланыстылығын ескере отырып қорды құнды жәдігерлермен толықтыру, ғылыми-зерттеу, экспозициялау, көрермендерге насихаттау мақсатында өз міндеттерін абыроймен атқарып келеді.

Сіздер осы сайт арқылы музей тарихы, музей жылнамасы, қызметкерлер, музей бөлімдері мен бөлімшелерінің жұмысы, музейдегі экспозициялық залдармен және ондағы экспонаттармен таныса отырып, билеттерге онлайн тапсырыс беру арқылы келетін күні мен экскурсия жүргізушілерге де алдын-ала тапсырыс бере аласыздар.

Біздің сайтымыздың тағы бір ерекшелігі электрондық түрде тапсырыс беру арқылы өздеріңізге қажетті деректермен, ақпараттардың электрондық нұсқасымен таныса отырып, алдын ала тапсырыс бере аласыз. Ал біз өз кезегінде Сіздің тапсырсыңыздың электрондық нұсқасын дайындап береміз.

Бұл мәліметтер барлық санаттағы сайт қолданушыларына - оқушыларға, студенттерге, ғалымдарға, зейнеткерлерге сонымен қатар жалпы көрермен үшін пайдалы болады деген сенімдеміз.

Сіздер осы сайт арқылы музей жұмысы туралы өз ұсыныстарыңыз бен сын-ескертпелеріңізді айта аласыздар. Ал біз өз кезегінде Сіздерді музейімізде болып жатқан барлық жаңалықтарымызбен іс-шаралардан хабардар етіп отырамыз.


 

Форма
COM_SMFAQ_FORM_CAPTCHAОбновить

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі 10:00 - 18:00
Сейсенбі 10:00 - 18:00
Сәрсенбі 10:00 - 18:00
Бейсенбі 10:00 - 18:00
Жұма 10:00 - 18:00
Сенбі 10:00 - 18:00
Жексенбі 10:00 - 18:00

Кассаның жұмыс уақыты:
10:00 - 17:30

Әр айдың соңғы жұмасы тазалық күні