Кітапхана

Атырау облысы тарихи – өлкетану музейі кітапханасы арнайы ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттерден құралған ақпараттық орталық болып табылады. Кітапхананың негізгі міндеттері музейдің айрықша ғылыми-зерттеу және мәдени-білім беру институты ретіндегі басты қызметтерімен тығыз байланысты. Музей кітапханасы 1989 жылдан бастап жұмыс істейді.

Негізгі қоры – 2735 кітаптан тұрады. Олар ғылыми, салалық, анықтамалық, көркем әдебиеттер. Қазіргі заманғы салалық әдебиеттер негізінен өнер саласы мен тарихы, музей ісі, бейнелеу өнері, мәдениеттану, өлке тарихы мен табиғаты, Ұлы Отан соғысы туралы, өз қолтаңбаларын жазып қалдырған белгілі ақын – жазушылардың кітаптары, жергілікті қаламгерлердің, республикалық «Махамбет қоры» баспасының, археология, этнография, дінтану саласы бойынша басылымдары жинақталған.

Кітап қорларын дәлелді түрде жинақтау мен каталогтарды уақытында толтырып отыру кітапхананың ғылыми қор құрылымының негізі болып табылады. Кітапханаға кітаптар мен басқа да материалдардың жылдық түсімі екі жүзге жуық бірлікті құрайды. Музей кітапханасының каталогтары мен картотекалары – әртүрлі салада кітапхана қорының құрамын айқындайтын, бірін-бірі толықтырып отыратын, өзара байланысты толыққанды бір жүйе болып табылады. Каталогтар мен картотекалар жүйесі құрамына оқырман картотекалары, оқырман және қызметтік каталогтар, кітапхана қорының картотекалары мен тақырыптық каталогтары кіреді.

Оқырмандарға қызмет көрсетудің маңызды міндеті кітапхана жүйесіндегі құжат қорын жасап оны сақтауда ғана емес, оны қолданушыларға ұсыну болып табылады. Атырау облысты тарихи – өлкетану музейі кітапханасының коммуникативті жүйесін жүзеге асырудың ерекшеліктерін сипаттай отырып, қолданушылардың құрамын және олардың ақпараттық қажеттіліктерін анықтау бірінші орынға қойылған.

Музей кітапханасының алдыңғы қатарлы оқырмандары музей мамандары мен ғылыми қызметкерлері. Кітапхана қоры – ол барлық ақпараттық сұраныстарды қанағаттандыруға мүмкіндік беретін энциклопедиялар, анықтамалар, салалық ғылыми әдебиеттер.

Атырау облысты тарихи – өлкетану музейі кітапханасы музейдің ақпараттық жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru