Кітапхана

Атырау облысы тарихи – өлкетану мұражайы кітапханасы арнайы ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттерден құралған ақпараттық орталық болып табылады. Кітапхананың негізгі міндеттері мұражайдың айрықша ғылыми-зерттеу және мәдени-білім беру институты ретіндегі басты қызметтерімен тығыз байланысты. Мұражай кітапханасы 1989 жылдан бастап жұмыс істейді.

Негізгі қоры – 2735 кітаптан тұрады. Олар ғылыми, салалық, анықтамалық, көркем әдебиеттер. Қазіргі заманғы салалық әдебиеттер негізінен өнер саласы мен тарихы, музей ісі, бейнелеу өнері, мәдениеттану, өлке тарихы мен табиғаты, Ұлы Отан соғысы туралы, өз қолтаңбаларын жазып қалдырған белгілі ақын – жазушылардың кітаптары, жергілікті қаламгерлердің, республикалық «Махамбет қоры» баспасының, археология, этнография, дінтану саласы бойынша басылымдары жинақталған.

Кітап қорларын дәлелді түрде жинақтау мен каталогтарды уақытында толтырып отыру кітапхананың ғылыми қор құрылымының негізі болып табылады. Кітапханаға кітаптар мен басқа да материалдардың жылдық түсімі екі жүзге жуық бірлікті құрайды. Мұражай кітапханасының каталогтары мен картотекалары – әртүрлі салада кітапхана қорының құрамын айқындайтын, бірін-бірі толықтырып отыратын, өзара байланысты толыққанды бір жүйе болып табылады. Каталогтар мен картотекалар жүйесі құрамына оқырман картотекалары, оқырман және қызметтік каталогтар, кітапхана қорының картотекалары мен тақырыптық каталогтары кіреді.

Оқырмандарға қызмет көрсетудің маңызды міндеті кітапхана жүйесіндегі құжат қорын жасап оны сақтауда ғана емес, оны қолданушыларға ұсыну болып табылады. Атырау облысты тарихи – өлкетану мұражайы кітапханасының коммуникативті жүйесін жүзеге асырудың ерекшеліктерін сипаттай отырып, қолданушылардың құрамын және олардың ақпараттық қажеттіліктерін анықтау бірінші орынға қойылған.

Мұражай кітапханасының алдыңғы қатарлы оқырмандары мұражай мамандары мен ғылыми қызметкерлері. Кітапхана қоры – ол барлық ақпараттық сұраныстарды қанағаттандыруға мүмкіндік беретін энциклопедиялар, анықтамалар, салалық ғылыми әдебиеттер.

Атырау облысты тарихи – өлкетану мұражайының кітапханасы мұражайдың ақпараттық жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады.

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі 10:00 - 18:00
Сейсенбі 10:00 - 18:00
Сәрсенбі 10:00 - 18:00
Бейсенбі 10:00 - 18:00
Жұма 10:00 - 18:00
Сенбі 10:00 - 18:00
Жексенбі 10:00 - 18:00

Кассаның жұмыс уақыты:
10:00 - 17:30

Әр айдың соңғы жұмасы тазалық күні