Зергерлік бұйымдар

Мұражай қорында жинақталған дәстүрлі өнер коллекцияларының ішіндегі қайталанбас туындылардың бірі –бағалы металдар коллекциясы. (зергерлік бұйымдар). Оларға Батыс өңірінің өзіндік стилінде жасалған күміс жүзіктің түрлері, қапсырмалар, өңіржиектер, білезіктер, ер адамның, әйел адамның белбеулері, алтын адамның киімінен табылған алтын әшекейлер, т.б жатады.

 

Д.Нұрпейісованың деңмент белбеуі.

Ұлы композитор, күйші Д.Нұрпейісованыңкүмістелген деңмент белбеуін ұлы М.Нұрпейісов 1965 жылы мұражайға табыстаған.

 

Құдағи жүзік - дөңгелек пішінді, күмістен соғылған.

Құдағилардың бір-біріне сый-құрметі ретінде екі саусаққа тағылатын жүзік. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жасалған. Анасынан қалған жүзікті қызы Ғ.Әбілғазиева 1978 жылы мұражайға тапсырған.

 

Күміс түйме. ХІХ ғасырда Бөкей ордасында белгісіз зергердің қолынан шыққан. Мұражайға 1971 жылы қабылданған.

 

Қаптырма белдік. ХХ ғ.

Бедерлеме, қоңыр былғарыға күміс пластинкалар бекітілген.

 

Күмістен жасалған өңіржиек. ХІХ ғ.

Өңірге тағылатын әшекей бұйым.1981 жылы Атырау облысы, Құлсары қаласының тұрғыны А.Альжанова мұражайға тапсырған.

 

Айшық тәрізді қапсырма. ХІХ ғ.

Қала тұрғыны Б.Бекенова 1982 жылы мұражайға тапсырған.

 

Қапсырма. ХХ ғ.

Қара ала, сіркеленген. Қапсырманың «П.М», «84» деген фабрикада жасалғандығы белгісі бар. 1984 жылы мұражайға қабылданған.

 

Күмістен соғылған, сопақша пішінді жүзік. ХІХ ғ.

1986 жылы Ж.Алиев мұражайға тапсырған.

 

Топсалыкүміс қапсырма. ХІХ ғ.

1992 жылы Атырау қаласының тұрғыны М.Бекболаев мұражайға тапсырған.

 

Топсалы білезіктер.

Шекіме, сіркелеу тәсілімен1929 жылы соғылған. Енесінен қалған мұраны мұражайға 1999 жылы келіні Ә.Қонбаева тапсырған.

 

Күміс шекеліктер. ХХ ғ.

Самайға тағылған әшекейбұйым. Анасы пайдаланған бұл бұйымды 2000 жылы Атырау облысы, Махамбет селосының тұрғыны С.Орынбасаров мұражайға тапсырған.

 

Күміс білезік. ХІХ ғ.

Қара бағдарлы, кескіндеме. Атырау облысы, Жылыой ауданындағы Білік деген зергердің қолынан соғылған бұйым. 2011 жылы мұражайға тапсырылған.

 

Күміс бойтұмар. ХХ ғ.

Екі бөліктен оймышталып, ортасына цилиндр пішінді тұмар немесе дұға салатын етіп, ашылып - жабылатын қақпақты түтікшесі бар, ширатпа әдісімен жасалған. 2001 жылы Қызылорда облысы, Арал қаласының тұрғыны Қ.Құлмамбетов мұражайға тапсырған.

 

Үкі аяқ, тіс тазалағышымен күміс. ХХ ғ.

Үкі тырнағы тәріздес. Бір тіс тазалағышы және бір құлақ тазалағышы жеті шынжыр арқылы бекітілген. 2002 жылы Алматы қаласының тұрғыны А.Даулетов мұражайға тапсырған.

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі 10:00 - 18:00
Сейсенбі 10:00 - 18:00
Сәрсенбі 10:00 - 18:00
Бейсенбі 10:00 - 18:00
Жұма 10:00 - 18:00
Сенбі 10:00 - 18:00
Жексенбі 10:00 - 18:00

Кассаның жұмыс уақыты:
10:00 - 17:30

Әр айдың соңғы жұмасы тазалық күні