Тулар, вымпелдер, ленталар

Вымпел (жалауша)

Вымпелдер әртүрлі қатты қағаздан немесе арнайы матадан бір жақты және екі жақты болып дайындалады. Шеттеріне қиылған шашақтар тігіліп, пішіндері ұшбұрышты, бесбұрышты, төртбұрышты болып, өлшемдері де әртүрлі болады. Вымпелдердің түрлері: брейд-вымпел, ғарыштық, спорттық, фирмалық, кәдесыйлық, мерейтойлық, коорпоративті, ақпараттық және т.б.

 

Өндіріс саласындағы социалистік жарыстың жеңімпазына берілген естелік вымпел. 1982 ж.

 

Исатай Тайманұлының 200 жылдық мерейтойына орай жасалған вымпел.1991 ж.

 

Халық батыры И.Тайманұлының 200 жылдық мерейтойына орай самбодан Бүкілодақтық турнир вымпелі. 1991 ж.

 

Атырау футбол клубының «Қазақстан кубогының жеңімпазы» вымпелі. 2009 ж.

 

В.И Ленинның 100 жылдық мерейтойына орай шығарылған вымпел. 1970 ж.

 

Социалистік жарыстағы жоғарғы көрсеткіші үшін Қазақстан Компартиясы Гурьев қалалық және қалалық еңбекшілер депутаттары кеңесінің естелік вымпелі. 1974 ж.

 

КСРО Министрлігі кеңесінін спорт және дене шынықтыру комитетінің Жеңістің 40 жылдығына орай жасөспірімдердің алғашқы Бүкілодақтық спорт жарысына қатынасушыларға естелік вымпелі. 1985 ж.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru