Пластинкалар, аудио, видео кассеталар, CD, DVD дискілер

Музей қорында белгілі қоғам қайраткерлерінің, әнші-күйшілердің,тарихи тұлғалардың аудио, видео таспалары мен CD-R, DVD дискілер коллекциялары жинақталған.

 

Ж.Жабаевтың 150 жылдығына арналған үш кассета блогы. Өлеңдері, арнаулары, поэмалары, термелері және әндері. Музейге 1996 жылы музей директоры Қ.Жұмалиев тапсырған.

 

Аудиотаспа «Күй ана». Қазақстанның еңбек сіңірген артисі А.Үлкенбаеваның орындауындағы күйлер. Музейге 2000 жылы музей директоры Н.Үлкенбаев тапсырған.

 

Аудиотаспа «Ақмаңдай әжем». Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Г.Сүндетованың орындауындағы әндер. Музейге 2002 жылы музей директоры Н.Үлкенбаев тапсырған.

 

Аудиотаспа «Сөнбесін әже ошағың». Күйші - сазгер Ғ.Ибішевтің орындауындағы күйлер. Музейге 2015 жылы Н.Қамиева тапсырған

 

Аудиотаспа «Жайықтың толқындары». Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі А.Машимованың орындауындағы әндер. Музейге 2003 жылы қабылданған.

 

Бейнетаспа. «Сұлтан Бейбарыс» фильмі. Музейге 2000 жылы музей директоры Ө.Әлімгереев тапсырған.

 

Бейнетаспа. Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалиев туралы деректі фильм. Музейге 2002 жылы музей директоры Н.Үлкенбаев тапсырған.

 

Бейнетаспа.«Ғасырлар қазынасы». Музей жәдігерлері туралы деректі фильм. Музейге 2006 жылы қабылданған.

 

Бейнетаспа. «Күй қағаны». Қазақстанның халық әртісі Р.Ғабдиевтің орындауындағы күйлер. 2006 жылы музейге Л.Салихова тапсырған.

 

Бейнетаспа. «Сборник презентационных видео-фильмов.Телерадио комплекс президента РК.1999-2000. 2001-2002г.г». Музейге 2008 жылы Р.Тастемірова тапсырған.

 

Диск. Әдеби-музыкалық композиция «Жаворонок золотой степи» 20 күй. Жинақта Қ.Сағырбаевтың күйлері мен қазақ ақындарының өлеңдері енгізілген. 2009 жылы музейге С.Қибашева тапсырған.

 

DVD Диск. Мұхамбетжан (Мақаш) Шолтырұлы 180 жыл. 2010 жылы музейге С.Қибашева тапсырған.

 

DVD Диск «Қарашүңгіл». 2012 жылы музейге М.Наурызбаева тапсырған.

 

DVD Диск. Халық ақыны Фариза Оңғарсынқызы туралы фильмдер «Өмірге келіп, кеткеніңде не мән бар, жүрегіңде елдің қалмасаң». 2013 жылы музейге С.Газимова тапсырған.

 

DVD Диск. Халел Досмұхамедұлының туғанына 130 жыл. 2013 жылы музейге С.Газимова тапсырған.

 

DVD диск. «Уа, достарым». Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Н.Үлкенбаевтың орындауындағы әндер. 2014 жылы Б.Нариманұлы тапсырған.

 

DVD диск. Саламат Мұқашев Қазақстанның көрнекті және қоғам қайраткері. 2007 жылы музейге С.Қибашева тапсырған.

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru