Палеонтолия

Аммониттер - девон кезеңінде тіршілік еткен басаяқты моллюскілер класына жататын өліп біткен омыртқасыз жануарлар отряды. Аммониттердің бақалшағы гетероморфты және мономорфты болып келеді. Аммониттердің көп бөлігі нетон тобына жатады, яғни су түбінде еркін қозғалады. Олар динозаврлармен қатарласып борпалеоген дәуірінде жойылып кеткен.

 

Губкалар - қарапайым көпжасушалы теңіз және тұщы су жануарлары. Губкалар-ең қарапайым жануарлардың бірі. Олар осыдан шамамен 570 миллион жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болған. Губкалардың шамамен 5000 түрі белгілі. Губкалардың көбі жылы мұхит суларын мекендейді. Әдетте, олардың денелері бос түтікше тәрізді болып, саңылаулар деп аталатын көптеген тесіктер мен ауыздар қаптап жатады. Осы тесіктер арқылы су губка денесіне кіріп-шығып жатады.

 

Маржандар - топтасып тіршілік ететін мұхит организмдері. Маржандардың екі түрі болады: жұмсақ маржандар және қатты маржандар. Олар өте майысқақ және де мұхит суларында жүзіп жүреді. Маржан полиптер деп аталатын мыңдаған ұсақ жұмсақ денелі организмдерден тұрады. Полиптердің пішіні цилинр тәрізді, аузының айналасында мұрттары болады. Маржан полиптері теңіз түптеріндегі тастарға жабысып, көбейе бастайды.

 

Белемниттер - басаяқты моллюскілер класына жататын, өліп біткен омыртқасыз жануарлар отряды. Тас көмір кезеңінен бастап палеогенге дейін теңізде тіршілік еткен. Қазбадан табылған белемниттердің қармақша иілген 5 жұп аяқтары, суда жүзуге бейімделген үлкен көзі, сіңір жақтары, қорғаныш қызметін атқаратын ерекше секреция бездері, жұмсақ денесінің ішінде 3 бөліктен тұратын (фрагмокон, проостракум және ростр) бақалшағы болған.

 

Теңіз лаласы (морская лилия) гүлдейтін өсімдікке ұқсайды, алайда ол өсімдік емес, органикалық заттармен қоректенетін жәндік.Теңіз лаласы жорғалап, домалап, жай басып жүре алады, тіпті кейбір түрлері еркін жүзе алады, бірақ әдетте олар губкалар немесе маржандарға жабысып тіршілік етеді. Сабағы, тостағаншасы, қолы, қозғалатын аяқтары, тамырлары болады. Теңіз лаласы сабақты және сабақсыз болып екіге бөлінеді. Кейбір теңіз лаласының сабағының ұзындығы 30 метрге дейін жеткен. Сонымен қатар оларды түкті жұлдыздар деп те атайды.

 

Теңіз кірпілері - теңіз түптерінде немесе соған жақын жерлерді мекендейді.Олардың дөңгелек пішінді денелері болады. Денесін ұзын қимылдайтын тікенектер қаптап тұрады. Олардың түстері қоңыр, қара, күлгін, жасыл, ақ немесе қызыл болуы мүмкін. Теңіз кірпілері су балдырларымен және басқа да органикалық заттармен қоректенеді.Теңіз кірпілері денесінің үстіңгі бөлігінде қарапайым құрылысты көзшелері бар.

 

Иінаяқтылар (Брахиоподтар)

(лат. Brachiopoda, грек. Brachion-қол,иық, грек. Роdоs-аяқ)-қармауыштылар типінің теңіз жәндіктері класы; су алаптары түбіне жабысып тіршілік ететін қосжармалы-симметриялы жәндіктер. Денелері арқа және бауыр жармалары деп аталатын екі бақалшақ арасына орналасқан. Қазіргі заманғы 280 түрі мен құрып кеткен 10 мыңға жуық түрі бар. Брахиоптар кембрий кезеңінен бүгінге дейін тіршілік етеді, олар әсіресе палеозой эрасында көптеп таралған.

 

Акулалардың тістері

Палеоген дәуірінде акулалардың тіршілігі басым болған. Сол кезеңдегі ең ірі акула-отодустың ұзындығы 10 метрге дейін жеткен. Акулалар жер бетінде 300 миллион жыл бұрын пайда болған шеміршекті балықтардың ең ежелгі тобының өкілдері, яғни олардың қаңқалары мықты, майысқыш және жеңіл салмақты шеміршектен тұрады. Өте ерте пайда болып, құрып кеткен акулалар осыдан 300 миллиондай жыл бұрын силур дәуірінде тіршілік еткен. Акулалардың тістері әртүрлі пішінде болған.

 

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі 10:00 - 18:00
Сейсенбі 10:00 - 18:00
Сәрсенбі 10:00 - 18:00
Бейсенбі 10:00 - 18:00
Жұма 10:00 - 18:00
Сенбі 10:00 - 18:00
Жексенбі 10:00 - 18:00

Кассаның жұмыс уақыты:
10:00 - 17:30

Әр айдың соңғы жұмасы тазалық күні