Киімдер

Қазақ халқының ұлттық қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Ұлттық киімдердің этникалық мәдениетіне сәйкес өз ерекшеліктері бар. Мұражай қорында қазақтың ұлттық киімдері түлкі тымақ, шекпен,саптама етік,шарқат орамал, камзол, кебіс, көйлек т.б. жинақталған.

 

Түлкі тымақ. ХХ ғасыр.

Түлкі тымақ -қыстық бас киім. Сырты қоңыр түсті жұмсақ теріден тігілген. Екі құлағы, маңдайы, артқы бөліктері түлкі терісімен көмкеріліп, әдіптелген. Белгілі актер Н.Жантөриннің түлкі тымағын жұбайы М.Иовлева 1991 жылы мұражай қорына тапсырған.

 

Түйе жүн шекпен. ХХ ғасыр.

Ер адамның қысқы киімі - шекпен түйе жүнінен тоқылған. Мұражайға Ш.Үсенова 1970 жылы тапсырған.

 

Саптама етік. ХХ ғасырдың І жартысы.

Саптама етік - қолдан иленген көннен, іші басылған киізден, өкшесі аласа, қонышы тізені жауып тұрарлықтай ұзын болып тігілген. Атырау қаласының тұрғыны Е.Әбілхалықұлы 2001 жылы тапсырған.

 

Зерленген камзол. ХХ ғасырдың І жартысы.

Кызыл күрең түсті барқыттан ұзын жеңді етіп тігілген. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау елді мекенінің тұрғыны Ғ.Шаликов тапсырған.

 

Өрнектелген көксауыр кебіс. ХІХ ғасыр.

Кебіс-әйел адамның аяқ киімі, былғарыдан тігілген.

 

Қама бөрік - дөңгеленіп, төбесі, шеті шашақталған көкшіл парша матаментігілгенбас киім.

 

Фатима ханымның камзолы мен қасабасы (көшірме) ХІХ ғ.

Қою қызыл барқыттан алтынжіппен зерленіп тігілген.Мұражай қорына Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, қолөнер шебері, суретші-модельер А.Абдубайтова 2003 жылы тапсырған.

 

Ер адамның шапаны, айыр қалпағымен (көшірме). ХІХ ғ.

Шапанның етегінің, екі жеңінің жиектері, омырауынан төмен қарай тұтастай зерлеп өсімдік тектес оюлармен және зерлі жолақпен көмкерілген. Қолөнер шебері, суретші-модельер А.бдубайтова 2003 жылы мұражай қорына тапсырған.

 

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың шапаны мен бас киімі. Ақ түсті барқыттан бағалы інжу тастар салынып, алтын түстес жіптермен өрнектеліп тігілген. Бас киімнің жан-жағы күзен (норка) терісімен көмкерілген. 2005 жылы 18 мамыр Халықаралық мұражайлар күні мерекесі қарсаңында «КазтрансОйл» АҚ мұражай қорына тапсырған.

 

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі 10:00 - 18:00
Сейсенбі 10:00 - 18:00
Сәрсенбі 10:00 - 18:00
Бейсенбі 10:00 - 18:00
Жұма 10:00 - 18:00
Сенбі 10:00 - 18:00
Жексенбі 10:00 - 18:00

Кассаның жұмыс уақыты:
10:00 - 17:30

Әр айдың соңғы жұмасы тазалық күні