Көне кітаптар, кітаптар, фотоальбомдар, карталар, фотопортреттер

Мұражай қорында ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы тарихи көне кітаптар, әдеби және діни кітаптар жинақталған.

 

Кітап. П.С.Паллас. «Орыс мемлекетінің әртүрлі елді мекендеріне саяхат». 1769 ж. Музей қорына 1976 жылы қабылданған.

 

Кітап. «Указания по укреплению позиций» №3643. Штабъ Верховного Главакомандующего. Петроград қаласы. 1916 ж. Музей қорына 2014 жылы Атырау қаласының тұрғыны Г.А.Адаев тапсырған.

 

Кітап. Р.Виллер. «Учебник истории средних веков с историческими картами». Москва. 1910 ж. Музей қорына Атырау қаласының тұрғыны А.Нұрғалиев 2005 жылы тапсырған.

 

Кітап. К.В.Данилевский, Е.В.Рудницкий. «Урало-Каспийский край» (краеведческий справочник). Орал қаласы, «Губоно» баспаханасы. 1927 ж. Кітапта Орал-Каспий өңірінің тарихы, географиясы, экономикасы және жергілікті орыс халқының тұрмысы туралы жазылған. Музейге Атырау қаласының тұрғыны М.Ерғалиев 2009 жылы тапсырған.

 

Кітап. «Большая Эмба» ІІ том. Орал Ембі облыстарының көлік және су ресурстары материалдары. Мәскеу-Ленинград баспаханасы. 1938 ж. Музейге Индер ауданының тұрғыны Х. Камашев 2009 жылы тапсырған.

 

Құран кітап. «Кәләм шариф». Қазан қаласы, «Карим» баспаханасы. 1910 ж. Музей қорына 2010 жылы Құлсары қаласының тұрғыны М.Демесінов тапсырған.

 

Құран кітап. 1901 ж . Музей қорына Атырау қаласының тұрғыны М.Байдакова 2007 жылы тапсырған.

 

Құран кітап. Рүстембайұлы Нұрмұханбет деген жазуы бар. Кітап араб әрпімен жазылған. Музей  қорына Атырау қаласының тұрғыны М.Ғайнелова 2007 жылы тапсырған.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru