«ХІІ-ХХ ғасырлардағы өлке тарихы» экспозициялық залында қазақ халқының құрылу тарихы, қала іргетасының қалануы мен өңірдегі тарихи оқиғалармен таныса аласыз. Тарихи тұлғалар Еділ-Жайық бойының перзенті Бейбарыс сұлтан тарихынан бастап, Сырым Датұлы, Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліс туралы тереңірек мәліметтерді мұрағаттық құжаттар арқылы білесіз. Бөкей ордасы жөніндегі деректер мен жәдігерлер, өлкеміздегі оқу-ағарту саласы жөніндегі мәліметтер де осы залда көрініс тапқан. ХVІІІ-ХІХ ғасырларға жататын жәдігерлер- балық аулау құралдары, қару-жарақтың түрлері, әртүрлі дін өкілдерінің сиыну бұйымдары да көрермен назарына ұсынылған.
Құрметті сайт оқырмандары!
Дүйсенбі | 10:00-18:00 |
Сейсенбі | 10:00-18:00 |
Сәрсенбі | 10:00-18:00 |
Бейсенбі | 10:00-18:00 |
Жұма | 10:00-18:00 |
Сенбі | 10:00-18:00 |
Жексенбі | Демалыс |