Этнография

Залдан орын алған этнографиялық материалдар қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмысы мен дүниетанымдық көзқарастарынан, бай рухани және материалдық мәдениетінен сыр шертеді. Экспозициядан тұрмыстық және халықтық қолданбалы өнері бұйымдарын, сонымен қатар қазақ халқының киім-кешектері мен кілем тоқу өнерін, ұстаның көрігін, «Қазақ халқының көші» панорамасын көріп тамашалай аласыздар. Залдың орталық алаңына қазақ мәдениетінің бірегей символы - киіз үй орналастырылған.

 

 

Қазақ келіншектерінің қолына сән берген - топсалы білезіктер.

 

Темірден түйін түйген ұсталарымыз қолданбалы өнерімізде күміспен қатар сүйек өңдеу өнерін де тамаша меңгерген. Мұражай қорындағы мәдени мұрамыздың бірі - сүйекпен, күміспен өрнектелген домбыра.

 

Сүйектелген секершаққыш

 

Сүйектелген шәй сандық

 

                                    

Жұмыс уақыты

15 сәуір күні сағат 10.00-де ашылады. 

Құрметті желі қоданушылары !

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты музей 15 сәуірге дейін көрермендерді қабылдай алмайтындығын қаперлеріңізге береміз