Археология

Қай елдің, қай мемлекеттің тарихына тоқталмас бұрын алдымен археологиялық ескерткіштерге, жәдігерлер мен деректерге сүйенері сөзсіз.

Атырау облысындағы алғашқы жүйелі археологиялық зерттеулер Әлкей Марғұланның басшылығымен 1949 жылдары басталған, кейінгі кезде З.Самашев т.б. зерттеушілердің жұмыстарымен жалғасын тауып келеді.

                                Талайды туыс қылған, қандас қылған,

                                 Төрінде талай мейман малдас құрған.

                                  Сарайшық Еуропа мен Азияның,

                                  Арасын алтын көпір жалғастырған.

                                  Бұл жерде даңқы тарап шетке небір,

                                  Дулатып дүниені өткен өмір.

                                  Дамылдап жатыр мұнда дала ұлдары-

                                  Тоқтамыс, Әз-Жәнібек, Мөңке Темір, - деп ақындар жырлағандай, экспозициядан Атырау тарихында алар орны ерекше, Алтын Орданың басты қалаларының бірі, ортағасырлық тарих көмбесі – Сарайшық қаласының орнынан табылған қыш ыдыстар, шырағдандар, әшекей бұйымдар мен мыс теңгелер, қаптама плиталарды тамашалай аласыздар.

 

Сарайшық қаласының орналасуы

 

1909 жылы Сарайшық селосынан табылған құмырадағы жазудан  шығыстың көрнекті ақыны Жүсіп Баласағұнидың ХІ ғасырда жарыққа шыққан «Құтты білік» атты дидактикалық өлеңінің төмендегідей үзіндісін оқи аласыздар.

Жоғарғы бүтін жерінде: «Адам көркі – жүз,

                                            бұ жүз көркі-көз,

                                            Ауыз көркі- тіл,

                                            бұл тіл көркі- сөз.

жоғарғы сынық жерінде: Тағы көркі кісіге

                                             білім мен өнер,

                                             Жанын құрбан етер

                                             білім үшін ер».-делінген.

 

Қазба жұмыстары кезінде су құбыры бөлшектерінің  көптеп табылуы  сол кездің өзінде Сарайшықта өркениеттің болғанын дәлелдейді.

 

Қытай фарфоры – селадоннан жасалған кесе

Сарайшықтағы сауда – саттықтың бір көрінісі ғана.

 

Сонымен қатар зал экспозициясында Қорғанша мекені мен Алтын орда дәуірінің ескерткіші - Ақтөбе-Лаэти қаласының тарихынан сыр шертер жәдігерлер де орын алған. Шағын елді мекен болған қалашықтың негізі кәсібі іргелес Алтын Орда қалаларын қолөнер заттарымен қамтамасыз ету және Хорезм, Иран сынды елдерге сапар шеккен сауда керуендеріне қызмет ету болған.

 

Зал экспозициясындағы көрермен назарына ұсынылған – моншақтар.

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі 10:00 - 18:00
Сейсенбі 10:00 - 18:00
Сәрсенбі 10:00 - 18:00
Бейсенбі 10:00 - 18:00
Жұма 10:00 - 18:00
Сенбі 10:00 - 18:00
Жексенбі 10:00 - 18:00

Кассаның жұмыс уақыты:
10:00 - 17:30

Әр айдың соңғы жұмасы тазалық күні