1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы

Ұлы Отан соғысы жылдарында Атырау облысынан (бұрынғы Гурьев) Отан қорғауға өз еркімен 42509 адам, оның ішінде Атырау қаласынан 11302 адам майданға аттанды. Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 65 жыл толуына орай жасақталған экспозициялық зал Брест қорғаны, Мәскеу, Сталинград, Ленинградты қорғауға қатысқан атыраулықтар, соғыс кезіндегі Атырау (Гурьев) госпитальдары мен жаяу әскер училищесі, атыраулық Кеңес Одағының батырлары, Халық Қаһарманы Х.Доспанова, Даңқ орденінің толық иегерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған. Сонымен қатар витриналарға соғыс жылдарындағы баспа өнімдері, фотосуреттер, байланыс құралдары, майдандық хаттар, құжаттар, тыл еңбеккерлерінің жеке заттары орналастырылған.

 

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі 10:00 - 18:00
Сейсенбі 10:00 - 18:00
Сәрсенбі 10:00 - 18:00
Бейсенбі 10:00 - 18:00
Жұма 10:00 - 18:00
Сенбі 10:00 - 18:00
Жексенбі 10:00 - 18:00

Кассаның жұмыс уақыты:
10:00 - 17:30

Әр айдың соңғы жұмасы тазалық күні