08 Ақпан 2021

САЗ АСПАПТАР КОЛЛЕКЦИЯСЫ

к 5Саз аспаптар коллекциясы кітабына 136 жәдігер қамтылып, олар негізгі үш бөлімге топтастырылды. Домбыралар коллекциясына (қалақ, тұмар, құрама шанақты), көне саз аспаптары (қобыз, жетіген, дабыл, асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, тастауық, шертер, сыбызғы, шаңқобыз, сазсырнай, қамыс пен қауырсын сырнайлары) және әлем халықтарының саз аспаптары (балалайка, гармонь, дудка, аккардеон, пианино, мандолин, скрипка, гитара, қарақалпақтың дутар, алақамбар домбыралары, югославияның двожничі (босниялық), монғолияның моринхуры, австрияның маультроммель шаңқобызы, грузиннің ұрмалы доли барабаны, өзбектің рубабы, дағыстанның пандур коллекциялары енгізілді. Кітап алғы сөзбен басталып, «Күмбірлеген домбыралар тарихы» тақырыбындағы Этнография туралы ғылыми-зерттеу секторының жетекшісі С.Нұрпейісованың музей қорындағы домбыралар тарихына арналған мақаласымен толықтырылды.  

!! Ғылыми катологтың электронды нұсқасымен осы сілтемеге  http://online.anyflip.com/qmwb/fuyg/ өту арқылы таныса аласыздар

Толығырақ

ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР КОЛЛЕКЦИЯСЫ

к 4Зергерлік бұйымдар коллекциясына Қазақстанның Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс аймақтарымен қатар, Моңғолияның Баян-Өлгей, Солтүстік Кавказ, тағы басқа жерлерден жинақталған 172 дана зергерлік бұйымдар қамтылып, бірнеше бөлімге топтастырылды. Олар жүзіктер (ер адамдардың, әйел адамдардың, құдағи жүзіктер, құстұмсық жүзіктер, отау жүзіктер), білезіктер, өңіржиектер, бойтұмарлар, шолпылар, шашбаулар, белбеулер, қапсырмалар, түймелер, сырғалар, шекеліктер, сондай-ақ әртүрлі әшекей бұйымдар (оттық, тазалық жиынтығы, үкіаяқ, моншақ, т.б) коллекциялары. Кітапта музей қорын толықтыру мақсатында әр жылдарда музей мамандарының аудандарға ұйымдастырған ғылыми этнографиялық экспедициялары және зергелік бұйымдар коллекцияларының сынамалық тексерістен өткен, анықтау жұмыстары туралы «Мәдени мұра – ел қазынасы» тақырыбындағы Этнография ғылыми-зерттеу секторының жетекшісі С.Нұрпейісованың мақаласымен, 14 топқа бөлінген зергерлік бұйымдар коллекциясы және музейдің Астана, Шымкент, Ақтөбе, Маңғыстау, Орал және Ресей Федерациясының Астрахань, Калмыкия және Ұлыбританияның Лондон астанасына ұйымдастырылған жылжымалы көрмелері мен мәдени шаралары туралы «Музей тарих айнасы» еңбектерінде қамтылды.                            !! Ғылыми катологтың электронды нұсқасымен осы сілтемеге http://online.anyflip.com/qmwb/rmkt/ өту арқылы таныса аласыздар

       

Толығырақ

ҚАРУ-ЖАРАҚТАР КОЛЛЕКЦИЯСЫ

к 3Қару-жарақтар топтамасы жинақталған каталогқа музей қорындағы қару-жарақ коллекциясы ішінен тарихи тұлғалардың ұстап-тұтынған қару-жарағы, жауынгерлік киімі және музейге қарасты аудандық бөлімшелердің қорындағы коллекциялары да енгізілді. Музей қорындағы 1999 жылы Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясының Атырау облысына жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде Аралтөбе қорғанынан табылған жебе ұштары, темір қылыш, сондай-ақ неолиттік жәдігерлер Сарықамыс-4 тұрағынан табылған ортағасырлық Ақтөбе-Лаэти қалашығынан «қозыжауырын», Иманқара қорғандар тобынан «үш қанатты», Қызылқоға ауданы территориясынан табылған жебе ұштары қанатының қырлары дөңес жебе түрлері, 2003 жылы ҚР Премьер Министрі болған И. Тасмағамбетовке Каирге барған сапарында сыйға берген «Сұлтан Бейбарыс» экспозициясында орын алып отырған мамлюктер тапаншасы, ұлы күйші, сазгер Қ. Сағырбайұлының және халық батыры, саяси қуғын-сүргін құрбаны Қ. Қожақметұлының қосауыз мылтығы, белгілі Мемлекет және қоғам қайраткері О. Көшекұлының өзі ұстаған аңшылық мылтығы, «Данқ» орденінің толық иегері Е. Полыниннің жауынгерлік флягы, Кеңес Одағының Батыры Б.Нысанбаевтың ерлік көрсеткен жері Лески деревнясынан алынған снаряд жарқыншағы мен мылтық оқтары, ортағасырлық зеңбіректер мен ядросы ерекше қызығушылық тудырады.

  Қару-жарақтар коллекциясына енгізілген музей қорындағы қару-жарақтар қазақтың «Бес қаруы» негізінде топтастырылып, жинақ арнайы төрт бөлімге топтастырылды. Атап айтқанда, ату қаруларының түрлерімен қатар, түрлі зеңбірек, мылтық оқтары 50 с.б., екінші бөлім шабу-кесу қарулары бөлімі бойынша 26 с.б., үшінші бөлім түйреу-соғу қарулары бойынша 5 с.б., төртінші жарақтар бөліміне 12 с.б. енгізілді. Сонымен қатар, өлкемізде орта ғасырларда орын алған ұлт-азаттық көтерілістер тарихын зерттеген белгілі тарихшы ғалымдардың атап айтқанда тарих ғылымдарының докторы Қ.Табылдиевтың, ҚР Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі А.Шамғоновтың, тарихшы Ж.Доспановтың мақалалары мен музейде өткізілген мәдени шаралардың көрінісі бейнеленген фотосуреттері және тарихи деректі құжаттар орын алды. 
!! Ғылыми катологтың электронды нұсқасымен осы сілтемеге http://online.anyflip.com/qmwb/hgdo/ өту арқылы таныса аласыздар
Толығырақ

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕКЦИЯ

к 2Археологиялық бұйымдар коллекциясына қола айналар мен қазандар, нумизматикалық коллекция, сәндік әшекей бұйымдары, сүйек бұйымдары, қалыптар, диірмендер коллекциясы, қыш бұйымдар, қаптама плиталар мен кірпіш тастар, барлығы 150 дана жәдігер енгізілді. Сонымен қатар, өлкемізде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары мен облыс көлеміндегі ортағасырлық қалалар туралы тарих ғылымдарының докторы З.Самашевтың, тарих ғылымдарының кандидаты М.Касеновтың және Педагогика ғылымдарының магистрі А.Қалшабаевтың мақалаларынан танысуға болады.

!! Ғылыми катологтың электронды нұсқасымен осы сілтемеге      http://online.anyflip.com/qmwb/ieco/  өту арқылы таныса аласыздар 

Толығырақ
Китайские телефоны и все для них

Жұмыс уақыты

Құрметті сайт оқырмандары! 

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі Атырау облысындағы карантиндік шектеу шараларының жеңілдетілуіне байланысты, Атырау облысы Бас санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, 2021 жылғы 18 ақпаннан бастап көрермен қабылдайтындығын қуана хабарлаймыз.
❗Музейді тамашалау кезінде санитариялық-профилактикалық және маскалық режим қатаң сақталатындығын қаперлеріңізге береміз.
Дүйсенбі 10:00-18:00                
Сейсенбі 10:00-18:00 
Сәрсенбі 10:00-18:00 
Бейсенбі 10:00-18:00 
Жұма 10:00-18:00 
Сенбі 10:00-18:00 
Жексенбі  Демалыс