Қыркүйек 2020

30 Қыркүйек 2020

"Өнері мен еңбегі еліне еленген"

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің Индер аудандық бөлімшесінің "1-қазан қарттар күніне" орай Ұлдай Аманғалиқызына арнап дайындаған видео-дәрісі. Ұлдай Аманғалиқызы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, "Еңбек ардагері" медалінің иегері, "Индер ауданының Құрметті азаматы". Ол 1981-1990 жылдары елден музей қорына жәдігер жинап, аудандық бөлімшенің ашылуына өзіндік қолтаңбасын қалдырған ең алғашқы музей меңгерушісі.

Толығырақ

29 Қыркүйек 2020

"Өмірі ұрпаққа өнеге"

 2020 жылыдң 28 қыркүйек күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіне қарасты Исатай аудандық музейі бөлімшесінде КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі, хирург-дәрігер Мұхамбетқалиев Құттығұлдың туғанына 85 жыл толуына орай "Өмірі ұрпаққа өнеге" тақырыбында еске алу шарасы өтті. Шараға Құттығұл Команұлының қызы Сәуле Құттығұлқызы, сонау 1970-1980 жылдары бірге қызмет атқарған әріптесі Әлләз Төлегенова және аудандық аурухананың медбикелері қатысты. 

Толығырақ

"Еңбегімен есейген абзал азамат"

19 жасында кеудесіне Алтын Жұлдыз тағып, Социалистік Еңбек Ері атанған Құспанов Ишахат Құспанұлы туралы дайындалған видео-дәріс

Толығырақ

Ғылыми қор жұмысы

кж1 1 Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде өлке тарихының ерте заманнан қазіргі кезеңге дейінгі тарихын сипаттайты

н материалдық және рухани мәдениеттің құндылықтары сақталған. Ғылыми қорда түріне, материалына қарай біріктірілген музей заттары 20-дан астам коллекцияларға бөлінген.

Толығырақ

«Өмірді күймен өрнектеген»

Қазақтың әйгілі күйші композиторы, төре күйлердің негізін қалыптастырушы, артында өшпес мұра қалдырып кеткен ұлы күйші Дәулеткерей Шығайұлының туғанына 200 жыл толуына орай  онлайн дәріс.

Толығырақ

Музей көрермендерін қабылдауды қайта бастады

 Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамыздағы №64 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Атырау облысы тұрғындары арасында короновирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қарасты шаралар туралы" 11.09.2020 жылғы №65 қаулысына сәйкес  2020 жылдың 14 қыркүйегінен бастап Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі және музейге қарасты қалалық, аудандық, ауылдық бөлімшелер көрермен қабылдауды қайта бастады.   

Толығырақ

«Жайлаудың сәні, өмірдің мәні – Маржан қыз»

Күш-қайраты ер азаматтардан кем түспеген, дала заңын жатқа білген тылдың батыры – Маржан Енбаева туралы видео-дәріс. Маржан Енбаева Индер ауданы, Елтай ауылында дүниеге келген. 18-ден асқан шағында 1942-1946 жылдар аралығында колхоздың 300-дей жылқысын шашау шығармай бағып, вагонмен соғысқа жөнелтіп отырған Ерен еңбегі үшін 1948 жылы 24 жасында Социалистік Еңбек Ері атанған.

Толығырақ

«Ата өнері–балаға мұра»

Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнерін насихаттауға арналған  онлайн экскурсия. Ұлттық мәдениет пен тарихтың күрделі бөлігі, тамыры ғасырлар тереңдігінде жалғасып келе жатырған ұлттық бұйымдарды шет елдік көрермендерге таныстыруға бағытталған экскурсияны музейдің жас маманы Әділхан Еңілік ағылшын тілінде жүргізді 

Толығырақ

«Ырысы тасыған ыдыстар»

«5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне» орай Ұлттық ыдыстар түрлеріне арналған «Ырысы тасыған ыдыстар» онлайн экскурсия.

Толығырақ

Музей қорындағы жәдігерлерді цифрландыру жұмыстары

Музей қорындағы жәдігерлерді цифрландыру жұмыстары бойынша Атырау облысы тарихи өлкетану музейі қорындағы 200 жәдігер 3D форматта дайындалып, музейдің http://atyrau-museum.kz/ ресми сайтына және экспозициялық залдардағы сенсорлық экрандарға орналастырылды.
Толығырақ
Китайские телефоны и все для них

Жұмыс уақыты

Құрметті сайт оқырмандары! 

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі 2020 жылғы 14 қыркүйектен бастап көрермен қабылдап бастады.Музейді тамашалау кезінде санитарлық режим талаптары мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау ережелері қатаң ескерілетіндігін қаперлеріңізге береміз

Дүйсенбі 10:00 - 18:00
Сейсенбі 10:00 - 18:00
Сәрсенбі 10:00 - 18:00
Бейсенбі 10:00 - 18:00
Жұма 10:00 - 18:00
Сенбі ДЕМАЛЫС
Жексенбі ДЕМАЛЫС