Палеонтология ғылымы және жер бетінде алғаш тіршіліктің дамуы

2020 жылдың 25 маусым күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіне қарасты қарасты Палеонтология бөлімшесінің маманы Э.Мұхамбетқалиева Қ.Дүтбаев атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің "Бастауыш білімінің шетел тілі мұғалімі", "Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі" мамандықтарының студенттеріне ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн экскурсия жүргізді.

Онлайн экскурсия барысында студенттерге музей залына қойылған ежелгі омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тасқа айналған қазба қалдықтары, түрлі-түсті фотосуреттері көрсетіліп, сонымен қатар олардың (губкалар, маржандар, қос жақтаулы ұлулар, теңіз кірпілері, аммониттер, белеминттер, теңіз лалагүлдері, теңіз жұлдыздары, акулалар, скаттар, мамонттар т.б) алғаш пайда болуы, тіршілік ету ерекшеліктері, түрлері, көбею сатылары және жойылып кету себептері жөнінде тереңірек түсінік берілді. Онлайн форматта ұйымдастырылған экскурсияны студенттермен қатар колледж директорының өндірістік тәжірибе жұмысы жөніндегі орынбасары Нұргүл Еділқызы, "Жаратылыстану және денешынықтыру" пән бірлестігінің оқытушылары Алтыншаш Берікқызы, Раушан Орынбайқызы, Айнұр Бағытқызы, барлығы 56 көрермен тамашалады.

Local history museum of Atyrau region


Atyrau city, street B.Momyshuly 3.

Tel. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru