August 2020

17 August 2020

«ATYRAU-KVEST» тележобасының жүлдегерлері Семей өңіріне жолдама алды

АК1 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың: «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар»  бағдарламалық мақаласы  аясында,  «Туған жер-тұғырым» атты өлкеміздің тарихи-мұрасын насихаттау мақсатында «Музейлік квест-4» интелектуалды ойынының жаңа маусымы Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі

Read more

12 August 2020

Байшеркесов Тайыр Сүлейменұлы

Тайыр Байшеркесов1940 жылдың қыркүйек айынан бастап директорлық лауазымға  Байшеркесов Тайыр Сүлейменұлы тағайындалған. Ол 1906 жылы Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданының 5-ауылында дүниеге келген. 1914-1917 жылдары Матешск орыс-қырғыз бір сыныптық училищесін, 1925 жылы Орал педагогикалық техникумын бітірген.

1925–1927 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Илек қаласында (Орынбор), Ордада, Ганюшкинде комсомол аппаратында, экономика бөлімінің меңгерушісі, аудандық Жастар Одағы Комсомол комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған.

1927–1929 жылдары Мәскеу Мемлекеттік журналистер институтын бітірген. 1930 жылы Астрахань қаласында «Кедей тілі» газетінде хатшы, Марфино селосында  сауат ашу инспекторы,  Алматы қаласында «Еңбекші қазақ» газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс жасаған. 

1931–1932 жылдары Түркменстан ССР-і, Ашхабад  қаласында әскер қатарында болған. 1932–1937 жылдары Алматы қаласында «Қазақ орталығында» бөлім меңгеруші, «Социалистік Қазақстан» газетінде Батыс Қазақстан облысы  бойынша тілші қызметін атқарған.

1937–1939 жылдары Орал қаласындағы, Батыс Қазақстан облыстық музейінде, 1939-1940 жылдары Атырау  облысы тарихи-өлкетану музейінде ғылыми қызметкер болып жұмыс жасаған.   

Тайыр2

Фото музей архивінен 

Read more

Мұстағали Якупов

Якупов80 жылдық тарихы бар музей алғаш Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Гурьев облысы бойынша Ұйымдастыру комитетінің 1939 жылғы 22 шілдедегі №23 «Облыстық музейді ашу туралы» қаулысымен ашылып, ресми түрде 1940 жылы 5 қарашада 323 жәдігермен алғашқы көрерменін қабылдаған.  

Алғашқы жылдары музейде табиғат, тарих және экспозициялық бөлімдер құрылып, штаттық кесте бойынша 1940 жылы музейде 6 қызметкер (директор, ғылыми қызметкер, шаруашылық меңгерушісі, есепші, күзетші, тазалықшы)  қызмет атқарған.

Музейдің алғашқы директоры – Мұстағали Якупов. Ол 1912 жылы Атырау (Гурьев) облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық ауылында дүниеге келген. 1924-1929 жылдары 5-7 сыныптық бастауыш мектебін, 1929-1931  жылдары Гурьев педагогикалық училищесін бітірген. 1931-1933  жылдары Бақсай ауданында (қазіргі Махамбет ауданы) бастауыш мектепте меңгеруші, 1933-1935 жылдары Гурьев (Атырау) қалалық прокуратурасында хатшы (секретарь), 1935-1939 жылдары облыстық білім басқармасына қарасты балалар үйінің меңгерушісі, 1940 жылдың қаңтар айынан бастап Атырау облысы  тарихи-өлкетану музейінің директоры қызметін атқарған.

 

Read more

11 August 2020

Музей басшылары

Бұл бетшеден Сіздер 1940 жылдан бастап Музейде басшылық еткен директорлар туралы ақпараттар ала аласыздар. 

Музей басшыларына қатысты барлық мәліметтер Атырау облыстық мемлекеттік архивінен алынған. 

Read more

Жеңіс күнін жақындатуға өлшеусіз үлес қосқан жерлестер

75 жылАтырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс экспозициялық залы жұмыс жасайды. Осы экспозициялық залдың жалғасы ретінде

Read more
Китайские телефоны и все для них

Schedule of work

Dear website users!

Atyrau Regional Museum of Local Lore is open to the public from September 14, 2020. Please note that when visiting the museum, the requirements of the sanitary regime and the rules of social distance are strictly observed.

 

Monday 10:00 - 17:30
Tuesday 10:00 - 17:30
Wednesday 10:00 - 17:30
Thursday 10:00 - 17:30
Friday 10:00 - 17:30
Saturday
Weekend
Sunday
Weekend

Box office hours:
10:00 - 17:30

Last homepage of every month Cleaning day